Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Армения премьер-министрі Пашиняннің ТМД саммитіне не себепті қатыспайтыны белгілі болды

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян
    Никол Пашинян. Фото: Vatican Media via Vatican Pool/Getty Images

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырып алғанын, кейінгі екі күн үйде жұмыс істегенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Армения премьері Никол Пашинян Telegram-дағы арнасында сырқаттанып қалуына байланысты ТМД елдері басшыларының саммитіне қатыспайтынын жазды.

    "Әріптестермен ақылдаса келе, мен бүгін Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатыспаймын деп шештім", - деп мәлімдеді саясаткер.

    Бұған қоса премьер бүгін кешке дейін 26 желтоқсандағы Еуразия экономикалық кеңесі отырысына қатысу-қатыспау туралы шешім қабылдайтынын жазды.

    Кейінгі уақытта Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымын қайта-қайта сынап жүр. Премьер ҰҚШҰ-ның Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабахтағы жанжал кезінде Ереванға көмек көрсетпегені үшін ренжулі.

    Желтоқсанның басында саясаткер "Ереван ҰҚШҰ-ға енді қайта оралуы мүмкін емес" деп мәлімдеген.

    Свежая публикация по теме:
    Азияда "Омикрон" өршіді: вакцина егу қайта басталуы мүмкін

    Ресей президенті Владимир Путин қарашаның аяғында ұйымның Қазақстанда өткен саммитінде Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын ресми түрде жарияламады деген.

    Армения премьер-министрі Пашиняннің ТМД саммитіне не себепті қатыспайтыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram