Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Трамп Украина жөніндегі бейбіт келіссөздер "аздап ілгері жылжыды" деп мәлімдеді

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп: Peter Kramer/NBC via Getty Images

    Дональд Трамп Украинадағы жанжалды реттеу жұмысы "аздап ілгері жылжыды" деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Флоридада Мар-а-Лаго поместьесіндегі баспасөз конференциясында журналистер сауалдарына жауап берді.

    "Жанжалды доғару қажет. Біз бар күшімізді соған жұмсаймыз. Біз президент Путинмен және президент Зеленскиймен, Украина өкілдерімен сөйлесеміз. Біз бұл жанжалды тоқтатуымыз керек", - деп мәлімдеді Трамп.

    Оның айтуынша, Зеленский "бейбітшілікті қалайды". Трамп билікті тапсырғалы жатқан әкімшіліктің Ресейдің ішкері аудандарына соққы жасауға рұқсат беруін қате деп есептейді. Ол осы шешімнің күшін жоюы мүмкін екенін айтып, Зеленскийге жанжалды аяқтау жөнінде келісім-шартқа отыруға дайындалуды ұсынған.

    Саясаткер Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруі керек пе деген сауалға "Ресей және Украина жетекшілерімен алғашқы кездесуден кейін" жауап беретінін мәлімдеді.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
    Трамп Украина жөніндегі бейбіт келіссөздер "аздап ілгері жылжыды" деп мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram