jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Сирияда мыңдаған адам Асад жүйесінің құлауын тойлауға жиналды

    Сириялықтар
    Асад жүйесінің құлауын тойлауға жиналған сириялықтар. Фото: AAREF WATAD/AFP via Getty Images

    Сирияның көптеген өңірінде мыңдаған адам жұма намаздан кейін Башар Асад жүйесінің құлауын тойлауға жиналды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Сирия астанасы – Дамаск қаласының орталығына жұма намаздан кейін мыңдаған адам жиналды. Дәл осындай көріністі Хомс, Алеппо және Хама қалаларынан көруге болады. Осы қалаларды кейінгі бірнеше аптада оппозиция күштері басып алған.

    Дамаск халқы Асад жүйесінің құлауын тойлауға шықты
    Дамаск халқы Асад жүйесінің құлауын тойлауға шықты. Фото: Emin Sansar/Anadolu via Getty Images

    Асар жүйесінің құлауын Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейда қаласында, солтүстігіндегі Идлибте те тойлады. Асад жүйесін құлатуды көздеген күштер қарашаның аяғында дәл осы қаладан жорыққа шыққан.

    Сирияны елу жыл бойы басқарған Асад жүйесін құлатқан қарулы бүлікшілер жетекшісі Мұхаммед әл-Жолани жұма күні үндеу таратып, халықты тойлау кезінде оқ атпауға шақырған.

    "Мен ұлы Сирия халқын Жаратқан жебеу болған революциямен құттықтаймын. Мен халықты осынау жетістікті атап өту үшін алаңға жиналуға шақырамын, бірақ оқ атылмасын, адамдар арасында үрей себілмесін", - деп ескерткен әл-Жолани.

    Свежая публикация по теме:
    Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты

    Бүлікшілер жетекшісі Сирияны қалпына келтіруге үндеді.

    "Одан соң бар күшімізді елді қалпына келтіруге жұмсаймыз. Әубаста айтқанымдай: Жаратқанның жебеуімен жеңіске жетеміз", - деп мәлімдеген әл-Жолани.

    Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда қарулы бүлікшілер Дамаск қаласына кірді. Сол күні Башар Асад президент қызметінен кетіп, отбасымен бірге Мәскеуге кеткені белгілі болды.

    Сирияда мыңдаған адам Асад жүйесінің құлауын тойлауға жиналды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.