Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-та барлық дауыс беру учаскесі жабылды

    Bloomberg/Getty Images
    АҚШ-тағы дауыс беру учаскесі. Фото: АҚШ-тағы дауыс беру учаскесі

    АҚШ-та президент сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды. Аляскада жеке дауыс беруге арналған соңғы дауыс беру учаскелері жабылды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, АҚШ-та барлық сайлау учаскесі жабылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Трамп негізгі штаттарда көш бастап тұр.

    Айта кетейік, Аляскада АҚШ-тағы президент сайлауында жеке дауыс беруге арналған соңғы сайлау учаскелері жабылды. Олар жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 11:00) жұмыс істеді.

    Бұл штат тұрғындары үш сайлаушыға дауыс берген. Аляскадағы дауыс беру нәтижелері әлі қолжетімді емес. Бұған дейін Дональд Трампты Флоридадағы резиденцияда қуанышпен қарсы алғаны хабарланған болатын.

    Алдын ала дауыс беру нәтижелеріне сүйенсек, көптеген штатта президенттік бәсекеде республикашылдар алға шықты.

    Свежая публикация по теме:
    Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды
    АҚШ-та барлық дауыс беру учаскесі жабылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram