Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Трамп сайлаудан кейін "кішігірім құпияны" ашатынын айтты

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Saul Loeb/AFP via Getty Images

    Дональд Трамп Нью-Йоркте өткен соңғы митингте "кішігірім құпияны" білетінін, оны сайлаудан кейін ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл жөнінде The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл шара жексенбі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. АҚШ президенттігіне үміткер Трамп сахнада Өкілдер палатасының спикері республикашыл Майк Джонсонға қарата сөйледі. Майк Джонсон бұл қызметті өткен жылдың қазан айынан бері атқарып келе жатқанын айта кету керек.

    "Менің ойымша, кішігірім құпиямызбен Өкілдер палатасында табысқа жетеміз, солай емес пе?(Джонсонға – ред. ескертпесі)

    Біздің кішкентай құпиямыздың маңызы зор. Екеуміздің кішігірім құпиямыз бар. Оның не екенін бәсеке аяқталған соң айтамыз", - деді Трамп.

    Басылымның жазуынша, оның бұл сөзі демократтарды алаңдатып қойған.

    Айта кетейік, АҚШ басшысы Джо Байден өзінің туған жері Делавэр штатында АҚШ президентін сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді.

    Свежая публикация по теме:
    Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды
    Трамп сайлаудан кейін "кішігірім құпияны" ашатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram