Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Камала Харрис АҚШ-тың басты жауы қай ел екенін айтты

    Камала Харрис перед микрофоном
    Камала Харрис. Фото: Mark Makela/Getty Images

    Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткер Камала Харрис Иран басқа елдердің арасында АҚШ-тың басты жауы екенін айтты. Бұл жөнінде "РИА Новостиге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым мәліметінеше, саясаткер CBS News арнасына сұқбат берген.

    АҚШ вице-президенті сұқбатында "АҚШ-тың басты жауы қай ел?" деген сұраққа жауап берді.

    "Менің ойымша, бұл – сөзсіз Иран", - деп жауап берді Харрис.

    Ол сондай-ақ сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, ол Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге тырысатынын айтты.

    Айта кетейік, АҚШ-та президентті сайлау 2024 жылғы 5 қарашада өтеді және ел тарихындағы 60-сайлау болады. Бұл сайлауда АҚШ-тың 47-ші президенті сайланады. Елде соңғы рет президентті сайлау 2020 жылы өткен. Ол кезде Джо Байден жеңіске жеткен еді.

    Еске салсақ, АҚШ вице-президенті Камала Харрис Джо Байден бәсекеден шығатынын мәлімдегеннен кейін АҚШ-тың демократиялық партиясынан президенттікке кандидат болуға ниетті екенін мәлімдеді.

    Свежая публикация по теме:
    Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

    2024 жылғы 3 тамызда АҚШ вице-президенті Камала Харрис ресми түрде президенттікке үміткер атанды. Ол Демократиялық партия делегаттарынан президенттікке үміткер болу үшін жеткілікті дауыс жинады.

    Камала Харрис АҚШ-тың басты жауы қай ел екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram