Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Нетаньяху Газада атысты тоқтатудың басты шартын атады

    Биньямин Нетаньяху
    Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup/Getty Images

    Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газаны демилитаризациялау - аймақтағы терроризммен күресудің жалғыз жолы екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

    Батыс телеарналарының біріне берген сұхбатында Нетаньяху бейбіт тұрғындардың құрбан болуы - кез келген соғыста қатар жүретін залал екенін айтты.

    "Террористерді нысанаға алу үшін біз қолдан келгеннің (соққы – ред. ескертпесі) бәрін жасаймыз. Ал бейбіт тұрғындарға келетін болсақ, олардың қаза табуы - кез келген соғыста болатындай, кейде қатар жүретін залал, күтпеген жерден құрбандарға айналады", - деп келтіреді басылым Израиль премьер-министрінің сөзін.

    Сонымен қатар премьер-министр Газа секторында құрбандар саны қазір азая бастағанын, өйткені тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілгенін мәлімдеді.

    Нетаньяху Газадағы қақтығыстарды тоқтатудың басқа да шарттарын атады.

    "ХАМАС-тың, терроризмнің Газада қайта пайда болмайтынына және билікті басып алмайтынына кепілдік беретін жалғыз күш, бұл - Израиль әскері... Газаны демилитаризациялау және дерадикализациялау қажет", - деді Нетаньяху.

    Свежая публикация по теме:
    Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты
    Нетаньяху Газада атысты тоқтатудың басты шартын атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram