18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    ХАМАС БҰҰ-ны Газа секторындағы ауруханаларға шақырды

    Израиль әскері Газа секторына жасаған шабуыл сәті
    Израиль әскері Газа секторына жасаған шабуыл сәті. Фото: Photo by ARIS MESSINIS/AFP via Getty Images

    ХАМАС қозғалысы БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерришті Газа секторындағы ауруханаларды тексеру үшін халықаралық комитет құруға шақырды. Бұл Израиль қорғаныс армиясының ғимараттарды паналап жатыр деген хабарламаларын жоққа шығару үшін қажет, деп жазады РИА Новости.

    ХАМАС өкілдері анклавтың барлық ауруханасы БАҚ өкілдері мен халықаралық ұйымдардың келуіне ашық деп мәлімдеді. Басылым өткен жұмада Израиль армиясы жедел жәрдем көлігіне соққы жасағанын айтты.

    Цахал өкілдері автокөлікті палестиналық ХАМАС қозғалысының ұяшығы пайдаланғанын мәлімдеген. Осы шабуылдан кейін бірнеше қозғалыс жауынгері қаза тапқан деп хабарланды.

    Айта кетсек, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясының өкілі Израиль әскери күштері Газа қаласын қоршап алып, аймақты Солтүстік және Оңтүстік бөліктерге бөліп, жағалауға қарай жылжығанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Израиль қорғаныс армиясы Цахал Газа қаласын толық қоршауға алғаны хабарланған.

    Свежая публикация по теме:
    Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлады: бір адам қаза тапты
    ХАМАС БҰҰ-ны Газа секторындағы ауруханаларға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram