Суық антициклон жылжып келеді: алдағы күндері Қазақстанда 10 градусқа дейін аяз күтіледі
Жарияланған күні:

Синоптиктер 22-24 қазан аралығында антициклон әсерінен Қазақстанда аяз болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологиялық қызметтің мәліметінще, жауын-шашын (жаңбыр, қар) әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді.
Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен Қазақстанның батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0...+5°С-тан -5...-10°С-қа дейін төмендейді.
"Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы ...-2...-7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2...+7°С аралығында болады", - деді синопткитер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2445633-aldagy-kunderi-qazaqstanda-10-gradusqa-deiin-aiaz-kutiledi/