Бүгін Астанада жаңбыр жауып, күн суытады
Жарияланған күні:

Синоптиктер бүгін, 21 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6 градусқа дейін көтеріліп, түнде +3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,7 м/с.
Шымкентте күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы +20 градусқа дейін көтеріліп, түнде +8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2445471-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/