Балабақша қызметкерлері мен директор: СҚО-дағы жантүршігерлік жол апатынан көз жұмғандар саны артты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Петропавл – Көкшетау тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Qazaqstan Media-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
15 қазанда республикалық маңызы бар тасжолда, Кременчуг ауылы маңында үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ жүк көлігі соқтығысқанын жазған болатынбыз.
Жол апаты салдарынан Audi көлігінің үш жолаушысы (балабақша директоры мен екі тәрбиеші) алған жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Аймақтық басылым мәліметінше, бүгін ауруханада 57 жастағы балабақша тәрбиешісі қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, алған жарақаттары өте ауыр болған. Осылайша жол апатынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.
Audi көлігінің 57 жастағы жолаушысының өмірі үшін хирургтер бригадасы күресті. Әйелге алты сағатқа созылған күрделі ота жасалып, артынша өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Десе де оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2445213-balabaqsha-qyzmetkerleri-men-direktor-sqo-dagy-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-koz-zhumgandar-sany-artty/