Павлодар тұрғыны сұлулық салонында терісін күйдіріп алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодар тұрғыны сұлулық салонында терісін ыстыққа күйдіріп алды – оған процедураны мекемеде жұмыс істемейтін әйел жасаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.
Басылым мәліметінше, зардап шегуші облыс орталығындағы сұлулық студияларының бірінен лазерлік косметология қызметтерінің пакетін сатып алып, оған 132 мың теңге төлеген.
Ол процедура кезінде терең термиялық күйік алып, терісін зақымдаған – бұл медициналық құжаттар арқылы расталды.
Процедураны оған мекемеде қызметкер болып тіркелмеген әйелдің жасағаны анықталды.
Зардап шегуші салон әкімшілігіне шартты бұзуды, сондай-ақ қызметтер пакетінің пайдаланылмаған бөлігі үшін 127 мың теңгені қайтаруды және денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді талап етіп, сотқа дейінгі шағым жолдағаны хабарланды.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті салонның Павлодар тұрғынының өтінішін орындаудан бас тартқанын мәлімдеді. Іске ведомство қызметкерлері араласты.
Нәтижесінде екі тарап татуласып, клиентке ақшасы қайтарылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2444906-pavlodar-turgyny-sululyq-salonynda-terisin-kuidirip-aldy/