Бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн бұлтты болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер жексенбі, 18 қазанда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорология қызметтің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,5 м/с.
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +14 градусқа дейін жетіп, түнде +0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,4 м/с.
Шымкентте де аздаған бұлтты болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы +22 градусқа дейін көтеріліп, түнде +10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443989-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-kun-raiy-qandai-bolady/