Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан белгілі суретші дүниеден өтті

    Алтынбек Өмірзақов
    Алтынбек Өмірзақов. Фото: instagram.com/qazaqfilm.kz

    Белгілі суретші-аниматор, ұстаз, қазақ анимация өнерінің дамуына үлес қосқан Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының мәліметінше, Алтынбек Өмірзақов қазақ анимациясының негізін қалаушылардың бірі Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол ұлттық мультипликация өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

    Сондай-ақ суретші Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұстаздық қызмет атқарды. Ол жас аниматорлардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына және ұлттық анимация мектебінің дәстүрін жалғастыруына атсалысты.

    Марқұмның жаназа намазы 18 қазан күні 10:00-де Алматы қаласында өтеді.  

    Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан белгілі суретші дүниеден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram