Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ташкентте Абай Құнанбайұлының екінші ескерткіші ашылды

    Абай Құнанбаев бюсті
    Абай Құнанбаев бюсті. Фото: gov.kz

    Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ташкент қаласының Бектемір ауданындағы "Абай" махалласында ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстін салтанатты түрде ашу рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің, Қазақ ұлттық мәдени орталығының, Ташкент қаласы әкімдігі өкілдерінің және Өзбекстан махаллалары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

    "Қазақстан мен Өзбекстанды ортақ тарих, мәдени жақындық, ғасырлар бойғы бауырластық және өзара құрмет байланыстырады. Аталған оқиға Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достықтың, өзара сыйластық пен рухани үндестіктің жарқын көріністерінің бірі болды. Абай мұрасы осы рухани байланыстың берік негіздерінің біріне айнала алады.

    Осылайша, Абай бюстінің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар легінің бастамасы болды", - делінген хабарламада.

    Ұлы ойшылдың ескерткіші Ташкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы көшеде орнатылды.

    Айта кетейік, 2013 жылы көрші елдің астанасында Қазақстан елшілігінің алдында қазақ данагөйі Абайдың алғашқы ескерткіші бой көтерді.

    Ташкентте Абай Құнанбайұлының екінші ескерткіші ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram