Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда қоғамдық көлікке міну қиындады: не себеп

    Метро
    Метро. Фото: C T Aylward/Getty Images

    Алматыда қоғамдық көлікке міну қиындады. Аялдамаларда автобус күткендер көп. Қаладағы кептеліс қоғамдық көліктің жүру кестесіне әсер етіп, жолаушылардың бір бөлігі метроға ағылған. Бірақ жерасты көлігіне сыймай қалып жатқандар да жетерлік. Діттеген жеріне уақытында жетудің амалын іздегендер такси шақыруға мәжбүр. Алайда оның бағасы шарықтап тұр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Соңғы күндері тұрғындар әлеуметтік желіде қоғамдық көлікті ұзақ күтетінін айтып шағымдануда. Бірі аялдамаға келген автобусқа сыймай қалса, енді бірі көліктің кестеден кешігіп келетінін айтады. Шенеуніктердің айтуынша, қалада күн сайын 3200-ден аса автобус жолға шығады. Ал мәселеге Алматының кептелісі себеп дейді. Соның кесірінен көліктердің жүру аралығы ұзарып, бекітілген кестеден ауытқиды екен.

    "Автобустардың болмауының негізігі себебі — кептелістер. Содан автобустардың қозғалыс аралығы және кестесі бұзылуда. Автобус саны бүгінде азайған жоқ. Керісінше, қарбалас уақыттарда, қажет болған жағдайда қосымша автобустар желіге шығарылуда", - дейді Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының бас маманы Ержан Шегебаев.

    Төленіп жатқан субсидия көлемі бекітілген автобустар санына әсер етпейді. Амалы таусылған жұрт такси шақыруға мәжбүр. Бірақ бұл қызмет түрінің де бағасы шарықтап тұр. Сондықтан алматылықтар қоғамдық көлік кестесі қалпына келтірілсе дейді.

    Алматыда қоғамдық көлікке міну қиындады: не себеп

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram