Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жаңбыр, қар, тұман": сенбіде елімізде жел күшейіп, күн бұзылады

    Қолшатыр ұстаған адам
    Жаңбырлы күні қолшатыр ұстаған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ертең, 17 қазанда Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл соғады деп болжап отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

    Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

    Ақтөбе облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің шығысында өрт шығу қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Абай облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

    Алматы облысында түнде 1–6 градус аяз болады. Алматыда топырақ бетінде 1–3 градус, Қонаевта да 1–3 градус аяз күтіледі.

    Атырау облысында күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары, кей жерлерде төтенше деңгейде болады. Атырау қаласында да шаңды дауыл күтіледі.

    Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең жел екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде облыстың батысы мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

    Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

    Қызылорда облысында күндіз облыстың шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірдің орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

    Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

    Павлодар облысында тұман түседі. Күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар қаласында да тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде жаңбыр қарға ұласады, таңертең тұман түседі.

    Түркістан облысының таулы аудандарда тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында да түнде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

    Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

    Батыс Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

    Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысында түнде 3–8 градус аяз болады. Талдықорғанда 6–8 градус аяз күтіледі.

    https://kaz.inform.kz/news/erten-elde-zhanbir-kar-tuman-tusp-zhel-kusheyed-ae9844a9

    "Жаңбыр, қар, тұман": сенбіде елімізде жел күшейіп, күн бұзылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram