Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Декреттік төлемдер әйелдер мен ерлерге де төлене ме: Еңбек министрлігінің жауабы

    әкесі мен балалары
    Әкесі мен балалары. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    ОКҚ-да өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев декреттік төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асқарбек Ертаев түсіндіріп өткендей, заң бойынша декреттік төлемдер тек аналарға төленеді.

    "Жәрдемақының атауы да, тағайындалу мақсаты да өзгереді. Енді ол "анаға төленетін жәрдемақы" деп аталады.

    Яғни, бұл – ана мен балаға арналған төлем. Ер адам декреттік демалысқа шығып, бала күтімімен айналыса алады, алайда оған бұл жәрдемақы төленбейді", - деді министр.

    Сондай-ақ министр әлеуметтік сақтандыру жүйесіне екі жыл және одан да көп уақыт қатысқан әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты төленетін төлем отбасының санатына қарамастан сақталатынын айтты.

    Егер анасы декреттік демалыс кезінде жұмысқа шықса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тоқтатылмайды.

    "Жұмысқа мерзімінен бұрын шығу төлемнің тоқтатылуына себеп болмайды. Төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейін жалғасады. Әйел жұмысын жалғастырып, бала күтімімен де айналыса алады, төлемнен айырылмайды", - деп толықтырды Асқарбек Ертаев.

    Декреттік төлемдер әйелдер мен ерлерге де төлене ме: Еңбек министрлігінің жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram