Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Саин көшесін ұзарту және асфальт төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағы, сондай-ақ Шәріпов көшесі көлік қозғалысы үшін жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады.
"Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443703-almatyda-sain-koshesining-bir-boliginde-kolik-qozgalysy-shekteledi/