Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Медеу – Шымбұлақ жолы бірнеше күнге жабылады

    Медеу-Шымбұлақ жолы
    Медеу-Шымбұлақ жолы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Медеу – Шымбұлақ жолы құбырларды монтаждау жұмыстарына байланысты бірнеше күнге жабылады. Бұл туралы Telegram-дағы Almaty_Joly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "2026 жылғы 19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының "Горельник" визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

    Жұмыс жүргізілетін кезеңде автокөліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады.

    "Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапары мен жаяу жүру маршрутын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз.

    Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

    Жабылатын жол бөлігі
    Жабылатын жол бөлігі. Схема: t.me/AlmatyJoly

    Медеу – Шымбұлақ жолы бірнеше күнге жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram