Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астана әуежайында жолаушыларды телетрап арқылы түсіру және отырғызу тарифі көтеріле ме

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Азаматтық авиация комитеті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның телескоптық трап арқылы жолаушыларды түсіру және отырғызу тарифін көтеру туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Азаматтық авиация комитетінің сайтында бұған дейін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның шекті баға жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы жарияланған.

    Құжатта қолданыстағы тарифтің 2012 жылдан бері өзгермегені көрсетілген. Тыңдау кезінде телескоптық траптың бір минуттық жұмысы 161,7 теңгені құрады. Қызмет 191 млн теңге табыс әкелгенімен, шығын 465 млн теңгеден асқаны атап өтілді. Осылайша 273 млн теңге шығынға әкелді.

    Әуежай әкімшілігі траптың бір минуттық жұмысы үшін тарифті ҚҚС-сыз 1 842,72 теңгеге дейін көтеруді сұрады. Яғни, тарифті шамамен 11,4 есеге көтеру ұсынылды.

    Алайда Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ішкі рейстерде телескопиялық трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру бойынша қоғамдық маңызы бар қызметке жобаланған шекті бағаны төмендету қажет екенін мәлімдеді.

    Комитет өкілдері дәлелді қорытынды жариялады. Құжатта мамандардың өзі есеп жүргізгені және шығындарды есепке алғанда тариф минутына ҚҚС-сыз 699,58 теңгені құрауға тиіс екенін атап өткені көрсетілген.

    Астана әуежайында жолаушыларды телетрап арқылы түсіру және отырғызу тарифі көтеріле ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram