Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Германиялық саяхатшылар Қазақстанда қиын жағдайға тап болды

    саяхатшылар
    Саяхатшылар. Фото: instagram.com/police.atyrau

    Атырау облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған Германия азаматтарына көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, 10 қазанда, сағат 22:50 шамасында Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы маңындағы жанармай құю бекетінің жанында патрульдік полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж төрт Германия азаматын байқады.

    Шетел азаматтары автокөлікпен Қазақстаннан Қырғызстанға бағыт алған. Алайда жолда көліктерінің бірінің бөлшегі сынып, сапарларын жалғастыруда қиындық туындаған.

    Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Әліби Жасталапов пен аға инспекторы, полиция капитаны Нұрмағанбет Мұқышев шетел азаматтарына қажетті көмек көрсетіп, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Нәтижесінде Германия азаматтары сапарларын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

    Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға да көмек көрсетуге әрдайым дайын.

    Германиялық саяхатшылар Қазақстанда қиын жағдайға тап болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram