Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды. Мамандар жануарлардың неден өлгенін анықтау үшін теңіз суы мен топырақтан сынама алған, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өлген жануарларды "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары жағалау аумағына мониторинг жүргізу кезінде байқаған. Өлекселер 12 қазанда Түпқараған ауданы Баутино ауылынан батысқа қарай табылған.
"Анықталған факті бойынша тиісті уәкілетті органдар хабардар етілді. Маңғыстау облысы Экология департаментінің қызметкерлері теңіз суы мен топырақтан сынама алды, содан кейін белгіленген санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазарту жұмыстары ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта жағалау аумағына мониторинг жалғасып жатыр. Жануарлардың неден өлгені тиісті зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталады", - делінген хабарламада.
Министрлік көктем-күз кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалауында, оның ішінде Маңғыстау облысында солтүстік-батыс және батыс бағытындағы дауылды жел кезінде жағаға өлі итбалықтардың шығып қалу жағдайлары тіркелетінін түсіндірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2441771-manggystauda-kaspii-zhagalauynan-15-itbalyqtyng-oleksesi-tabyldy/