Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жүк көлігін жүргізетін қазақстандыққа қатысты іс Грузия сотында қаралып жатыр: СІМ мәлімдеме жасады

    Сыртқы істер министрлігі ғимараты
    Сыртқы істер министрлігі ғимараты. Фото: СІМ

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Грузияда ауырсынуды басатын дәріге байланысты сотталып жатқан жүк көлігінің жүргізушісі – Қазақстан азаматына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Дипломаттар оның туыстарымен байланыста, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 2026 жылдың сәуірінде Поти портында ұсталған Иван Чекулаевқа консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан СІМ өкілдері хабарлады.

    "Консулдық қызметкерлер азаматты қамауда отырған жеріне барып көрді, сот отырыстарына қатысты, адвокат табуға жәрдемдесті және оның туыстарымен байланыс орнатты", - делінген ведомство хабарламасында.

    СІМ баспасөз қызметі дипломаттардың қазақстандыққа консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

    Еске сала кетейік, 44 жастағы Иван Чекулаев жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істеп жүріп, кезекті рейсімен Грузияға аттанған. Жұбайы Юлия Чекулаеваның айтуынша, Поти портындағы тексеріс кезінде ер адамнан Грузияда психотроптық және есірткі заттарына теңестірілген ауырсынуды басатын дәрі табылған.

    Әйелі күйеуіне арқасындағы ауырсынуға қарсы дәріні Германиядағы дәрігер жазып бергенін, алайда оның жанында рецепті болмағанын айтады. Қазір қазақстандыққа 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

    Жүк көлігін жүргізетін қазақстандыққа қатысты іс Грузия сотында қаралып жатыр: СІМ мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram