Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңбыр, күннің жылынуы: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

    Қолшатыр ұстап тұрған адам
    Қолшатыр ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Синоптиктер 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, ал кей өңірлерде жауын-шашын түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, 10-12 қазанда Қазақстанның орталығында, 10-11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

    10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.

    Сондай-ақ 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

    Бұдан бөлек, республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Күндіз өңірлерде ауа температурасының жоғарылауы болжанады:

    • Қазақстанның батысында +22...+27°С-қа дейін;
    • солтүстік-батысында +17...+25°С-қа дейін;
    • солтүстігінде +13...+20°С-қа дейін;
    • орталығында +13...+22°С-қа дейін;
    • шығысында +10...+22°С-қа дейін;
    • оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23...+28°С-қа дейін.

    Ал Түркістан облысында ауа температурасы +18...+23°С-қа дейін төмендейді.

    Елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.

    Жаңбыр, күннің жылынуы: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram