Қазақстанның халық әртісі Бақир Баяхунов дүниеден өтті
Жарияланған күні:

Көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Баяхунов қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті композитордың дүниеден өтеуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.
Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосқан.
"Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ұлағатты ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қырық жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиелеген.
"Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті. Бақир Яхияұлының бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады", - делінген көңіл айту хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2440432-qazaqstannyng-halyq-artisi-baqir-baiahunov-dunieden-otti/