Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жүргізушілерге Қазақстанның солтүстігінде автожолдың бір бөлігі жабылағаны ескертілді

    автожол
    Автожол. Көрнекі фото: pixabay.com

    СҚО-да 9 қазан таңнан бастап көпір жөндеуге байланысты автожолдардың бірінің учаскесі жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    СҚО-да 9 қазан сағат 7:00-ден бастап республикалық маңызы бар Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 875-шақырымында (Покровка көпірі ауданында) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл көпірді жөндеу жұмыстарына байланысты.

    Балама маршруттар:

    • "Рощинское – Корнеевка – Волошинка" автожолының 46-86,87 шақырым аралығы;
    • "Волошинка – Сергеевка – Тимофеевка" автожолының 0-56 шақырым аралығы;
    • "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 876-946 шақырым аралығы;
    • "Покровка – Корнеевка – Горное" автожолының 34-0 шақырым аралығы.

    "1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - делінген хабарламада.

    Жүргізушілерге Қазақстанның солтүстігінде автожолдың бір бөлігі жабылағаны ескертілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram