Бүгін Астанада жаңбыр жауып, күн суытады
Жарияланған күні:

Синоптиктер жұма, 9 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +11 градусқа дейін көтеріліп, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,7 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2440258-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/