Қазақстанда күн райы бұзылады: синоптиктер ескерту айтты
Жарияланған күні:

Ертең, 9 қазанда Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылуы мүмкін. Елдің басым бөлігінде күн райы қолайсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодарда жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Семейде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2440252-qazaqstanda-kun-raiy-buzylady-sinoptikter-eskertu-aitty/