"Қатаң бақылауға алыңыздар": Бектенов өңірлердегі жол жөндеу жұмыстары бойынша тапсырма берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі жолдарға байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, сондай-ақ әкімдіктерге тапсырма берді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкіметтің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, премьер-министр өңірлеріндегі жолдар қатысты бақылауды күшейтуді тапсырған.
"Президент өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, әсіресе жолдардың сапасын жақсарту мәселесін әрдайым атап өтуде. Орталықтан қажетті қаражат бөлінуде. Жергілікті жерлерде оның мақсатты жұмсалуына, ең бастысы – жұмыс сапасына бақылауды күшейту қажет.
Ел ішіндегі және халықаралық маңызы бар жолдар барлық сапа стандартына сәйкес келуі керек. Әкімдік өзіне сеніп тапсырылған аумақтағы жұмыстарды бақылауға алуы тиіс. Азаматтардың шағымдарының басым бөлігі дәл осы ішкі жолдарға қатысты. Бұл мәселені қатаң бақылауға алыңыздар", - деді үкімет басшысы.
Биыл Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам автомобиль жолы құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Кейінгі 7 жылда елімізде 36,3 мың шақырым автожол салынып, жөнделген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2440138-qatang-baqylauga-alyngyzdar-bektenov-ongirlerdegi-zhol-zhondeu-zhumystary-boiynsha-tapsyrma-berdi/