Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО тұрғындары қала ішінен қонжығын ерткен аюды байқаған (видео)

    Аюлар
    Аюлар. Видеодан алынған кадр: куәгерлер / noks.kz

    Риддер тұрғындары қала орталығына жақын жерден қонжығын ерткен аюды байқап, видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Noks.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өткен түні куәгерлер Лазо көшесіндегі жеке үйдің ауласында жүрген қонжығы бар аюды видеоға түсіріп алған. Ит жыртқыштарға қарай жүгіргенде, олар қоршаудан секіріп өтіп, кейін дүкендердің бірінің жанынан көрінген.

    "Біз полиция шақырдық", - дейді куәгерлер.

    Таңертең қалалық чаттарда басқа да хабарламалар тараған. Риддер тұрғындарының бірі таңғы сағат 4-те Семипалатинская көшесінде екі аюды көргенін айтқан.

    Басылымның жазуынша, бұл аудан Тәуелсіздік даңғылы мен Республика алаңына жақын орналасқан, яғни іс жүзінде қала орталығы саналады.

    Сондай-ақ Базарная көшесінде түсірілген тағы бір видео тараған. Куәгерлер №12 жаңа мектепке қарай бара жатып, аюларды көріп қалған. Кадрларға қарағанда, бұл – әлгі қонжығы бар аю. Кейінірек аюдың екі қонжықпен жүргені түсірілген басқа да видеолар жарияланған.

    Риддерліктердің айтуынша, бір күн бұрын аюларды Таловка ауданында көрген. Тұрғындар олардың ізін және қираған қоршауларды суретке түсіріп алған.

    Аюдың іздері
    Аюдың іздері. Фото: куәгерлер / noks.kz

    ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағының мамандары Риддерге келіп, жұмысқа кірісіп кеткен.

    Инспекторлар аюларды үркітіп, қаладан шығарып жіберу үшін олардың қозғалысын бақылайды.

    "Риддерде ауа райы бұзылып жатыр, жақында қар жауады. Алғашқы қар жауғаннан кейін аюлар апандарына жақындап, оларды дайындай бастайды. Екі аптадай күту керек, сонда жыртқыштар тауға кетеді. Шамамен бір-бір жарым айдан кейін олар ұйқыға кетеді", - деді Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету жасағының бастығы Ермек Бағланұлы.

    ШҚО тұрғындары қала ішінен қонжығын ерткен аюды байқаған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram