"ЖСН-ді өзгертуге болады": ІІМ өкілдері ақпаратқа түсінік берді
Жарияланған күні:

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі желіде тарап жатқан ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство түсіндірмесін Telegram-дағы ресми арнасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы.
Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", - делінген ІІМ түсіндірмесінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2439613-zhsn-di-ozgertuge-bolady-iim-okilderi-aqparatqa-tusinik-berdi/