Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Еліміздің бір өңірінде 9 мыңнан астам адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

    Ақша санап отырған егде әйел
    Ақша санап отырған егде әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны прокуратура іске кіріскеннен кейін біржолғы әлеуметтік төлем алатын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік мәні бар ауруларға шалдыққан азаматтарға көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының шектелгенін анықтады.

    "Біржолғы төлемдер белгіленген тізбеге енгізілген 11 аурудың тек 3 түрі бойынша ғана тағайындалған. Қалған аурулары бар азаматтар мұндай қолдауды алмаған", - дейді прокуратура өкілдері.

    Прокурорлық қадағалау актісі негізінде нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып, көмек алушылардың қатары көбейді. Нәтижесінде Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлем алады.

    Еліміздің бір өңірінде 9 мыңнан астам адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram