Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алдағы күндері Қазақстанда -6 градусқа дейін суытып, жаңбыр жауады

    үсік
    Үсік. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Синоптиктер 8-10 қазан аралығында Қазақстанда күн райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығысында көктайғақ болады.

    Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

    Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

    Синоптиктер ел өңірлерінде ауа температурасы қандай болатынын айтты:

    • Қазақстанның батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С шамасында болады, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.
    • Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.
    • Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С болады, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.
    • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С шамасында болады, ал таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17+25°С-қа, таулы аудандарда +12+17°С-қа дейін көтеріледі.
    Алдағы күндері Қазақстанда -6 градусқа дейін суытып, жаңбыр жауады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram