Шетелдіктерге ЖСН алу жеңілдей түсуі мүмкін: Цифрлық даму министрлігінің өкілі мән-жайды айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин үкіметте өткен брифингте тағы қандай мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ростислав Коняшкин бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жұмыстары іс жүзінде аяқталғанын еске салды. Азаматтардың ХҚКО-ға жасаған өтініштерінің шамамен 79 пайызы осы қызметтерге тиесілі.
"Шетелдіктерге ЖСН беру қызметі қалды, қазір оны да онлайн форматқа көшіру мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті вице-министр.
Тағы 12 мемлекеттік қызметті баламасыз форматқа көшіру жоспарланып отыр. Оларды тек онлайн немесе ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторында қызметкерлердің кеңесімен алуға болады.
Алайда спикер нақты қандай мемлекеттік қызметтер туралы сөз болып жатқанын айтпады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2438880-sheteldikterge-zhsn-alu-zhengildei-tusui-mumkin-tsifrlyq-damu-ministrligining-okili-man-zhaidy-aitty/
