Каспийде балық аулап жүріп Қазақстанға өткен Иран азаматтары сотталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, биыл 24 шілдеде Ислам Республикасының үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.
Аталған азаматтарды ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстаған.
Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-1-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2438343-kaspiide-balyq-aulap-zhurip-qazaqstan-shekarasyna-otken-iran-azamattary-sottaldy/
