Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады: әкімдік мекенжайлар мен бағаны жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қысқы маусымға дайындық аясында көмір сатып алуды жоспарлап отырған Астана тұрғындарына отынның бағасы мен сатылатын орындары туралы маңызды ақпарат берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана әкімдігінің мәліметінше, қалада көмір сататын 14 нүкте мен қажетті инфрақұрылым және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған 10 қойма бар.
Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан:
- Герцен көшесі, 4/1;
- Герцен көшесі, 6/2;
- Көктал көшесі, 28/2;
- Мақат көшесі, 40;
- Жамбыл Жабаев көшесі, 76;
- Дулатов көшесі, 182/1;
- Мақат көшесі, 4/1;
- 70-проезд, № 9А;
- ЖЭО-2;
- 101-көше, 30Б;
- Литейная көшесі, 44;
- Көктал көшесі, 28;
- Герцен көшесі, 6Б.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:
- Шұбаркөл – тоннасына 19 500 теңге;
- Қаражыра – тоннасына 18 800 теңге;
- Майкүбі – тоннасына 16 800 теңге.
Сонымен қатар 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату нүктелеріндегі бар-жоғы туралы жедел ақпарат ала алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2438292-astanada-komirdi-qaidan-satyp-aluga-bolady-akimdik-mekenzhailar-men-bagany-zhariialady/
