Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада алғашқы қар жауды (видео)

    Астанадағы алғашқы қар
    Видеодан алынған скриншот: threads.com/@ashat_kenesovich

    Бүгін, 5 қазанда, елордада алғашқы қар түсті. Астаналықтар алғашқы қардан алған әсерлерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанада жаңа жұмыс аптасы алғашқы қармен басталды. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының назарынан тыс қалмады. Қар жауған сәттегі видеолардың бірін Telegram-дағы Astanovka98 арнасы жариялады.

    Threads әлеуметтік желісінде ashat_kenesovich есімді қолданушы да ауа райына қатысты ескерту жасады. Ол жылы киімдерді, күртелер мен бас киімдерді шығаратын уақыт келгенін жазды.

    Смотреть в Threads

    "Астаналықтар, жылы киініңіздер, колготки мен гамаш кие берсеңіздер де болады, қар жауып жатыр, өте суық", - деп жазды елорданың тағы бір тұрғыны.

    Ұшқындап қар жауып, жел тұрып жатқан сәттен тағы бір видеоны aliya.murat__есімді қолданушы жариялады.

    Смотреть в Threads

    "Ал, Астана, алғашқы қар құтты болсын!" - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

    Смотреть в Threads

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы тауларында алғашқы қар жауған болатын.

    Астанада алғашқы қар жауды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram