Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Каспийдегі қайғылы оқу-жаттығудан аман қалған әскери қызметшілер үйлеріне оралды (видео)

    Қуандық Бекет жақындарымен
    Қуандық Бекет жақындарымен. Видеодан скриншот: Lada.kz

    Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйлеріне оралды. Бұл сәттен кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында ҚР Әскери-теңіз күштеріндегі мерзімді әскери қызметін аяқтаған 19 жастағы жаңаөзендік Ақжол Темірханмен және оның ата-анасымен кездескенін хабарлаған.

    Қайғылы оқиғадан кейін сарбаз ауруханаға жатқызылған болатын. Жақында ол емдеу мекемесінен шықты.

    "Әдетте сарбаздар үшін мұндай ерекше күндер көңілді атмосфераға, әскердегі мәңгілік достықты еске түсіретін естелік фотоларға толы болады. Бірақ бұл жолы емес...

    Ақжол – Маңғыстау облысынан шақырылғандар арасындағы аман қалған жалғыз сарбаз, ол қаза тапқан қарулас достарының жарқын бейнесін жадында сақтап қалған жалғыз маңғыстаулық", - деп жазды блогер.

    Оның айтуынша, жақын арада Ақжол Темірхан ата-анасымен бірге қаза тапқан барлық қаруласының отбасына барып, көңіл айтуды жоспарлап отыр.

    Сонымен қатар басылымның мәліметінше, аман қалған тағы екі әскери қызметші мерзімді әскери қызметін аяқтаған. Әлеуметтік желілерде атыраулық Қуандық Бекет пен БҚО тұрғыны Никита Удаловтың үйлеріне оралған сәттері түсірілген кадрлар жарияланды.

    Каспийдегі қайғылы оқу-жаттығудан аман қалған әскери қызметшілер үйлеріне оралды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram