Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы метросындағы станциялардың бірі уақытша жабылады

    Метро
    Метро. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Алматы метросының "Байқоңыр" станциясы уақытша жабылады. Шектеу уақыты 4 қазанда сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін, деп хабарлайды метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы метрополитенінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, 4 қазанда Орталық стадионда өтетін концертке байланысты метро күшейтілген режимде жұмыс істейді.

    Тұрғындарға "Байқоңыр" станциясының жұмысы сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін шектелетіні туралы ескертілді.

    "Осы уақыт аралығында "Байқоңыр" станциясына кіру және шығу уақытша шектеледі", - деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

    Сағат 22:00-ден бастап метро жұмысы аяқталғанға дейін станция ашық болатыны айтылды.

    Алматы метросындағы станциялардың бірі уақытша жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram