Келесі айдан бастап Алматыдан Токиоға тікелей ұшып баруға болады

    Токио
    Токио. Фото: Alexander Spatari/Getty Images

    Air Astana Қазақстан мен Жапония арасында жаңа бағытты іске қосады. Алматыдан Токиоға алғашқы рейс 30 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды әуекомпаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады: алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылғы 30 қарашада, ал қайтар рейс Токиодан 1 желтоқсанда ұшады.

    Рейстер бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен Токио халықаралық әуежайына (Нарита) аптасына екі рет орындалады.

    "Рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда):

    Алматы- Токио KC171 рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан 21:55-те ұшып, келесі күні 09:25-те Токиоға ұшып келеді.

    Токио - Алматы KC172 рейсі сейсенбі және жұма күндері Токиодан 10:55-те ұшып, Алматыға 16:20-да ұшып келеді.

    Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут, ал қайтарда – 9 сағат 25 минут", - делінген хабарламада.

    Әуекомпаниясының мәліметінше, екі жаққа билеттің ең төменгі құны (алымдардың барлығын қосқанда) эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады.

    Жапония азаматтары Қазақстанға визасыз 30 күнге дейiнгi мерзiмге келе алады. Қазақстан азаматтарына Жапонияға сапар үшін виза қажет.

    Келесі айдан бастап Алматыдан Токиоға тікелей ұшып баруға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram