Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қар, бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанда демалыс күндері күн күрт суытады

    Суық ауа райы
    Суық ауа райы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Синоптиктер 3-5 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Синоптиктердің болжамынша, қыркүйек айының соңындағы жылы күндердің орнына Қазақстан аумағына қуатты Солтүстік циклонның келуіне байланысты күн күрт суытады.

    Республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта қар, көктайғақ және төмен бұрқасын күтіледі. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.

    Сондай-ақ Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.

    Ауа температурасы елдің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.

    Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және Қазақстанның орталығында ауа температурасы 0,+5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін төмендейді.

    Қазақстанның батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.

    Қар, бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанда демалыс күндері күн күрт суытады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram