Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырауда материалдық емес мәдени мұраны қорғау, зерттеу және насихаттауға арналған "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды. Іс-шара 1-2 қазан күндері өтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Семинардың алғашқы күні қонақтарды "Нұрлы тал" этноауылында қарсы алып, ұлттық ән-жыр, қолөнер бұйымдары мен ұлттық ойындар таныстырылды.

    Аймақтық семинарға Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов, жергілікті және өзге өңірлерден келген мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысты.

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    "Ұлттық мәдениет пен ұлттық бірегейлік – қоғамның негізін қалыптастыратын құндылықтар. Бүгінгі Атыраудағы іс-шара ЮНЕСКО-ның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан үш жылдық бағдарламасы аясында маңызды күн болып отыр. Атырау балаларға ұлттық мәдениеттің дағдыларын жастайынан ойын арқылы үйретудің маңызы зор екендігін көрсетуде", - деді Р. Мұзафаров.

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Іс-шара барысында материалдық емес мәдени мұраны зерттеу, құжаттау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқыланып, өңірдегі этнографиялық экспедициялар нәтижелері таныстырылады.

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырауда "Ұлттық мұра – мәңгілік қазына" аймақтық семинары басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram