Астанада жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана әкімдігі өкілдері елордада жылу қашан берілетінін айтты. Жылыту маусымы ертең, 2 қазанда басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әкімдігі мен "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның Instagram-дағы желісіндегі бірлескен жазбада елордада жылыту маусымының басталуы туралы ақпаратты жариялады. Әкімдік жылыту маусымын 2 қазаннан бастау туралы қаулы қабылдаған.
Хабарламада елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау және тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын екені айтылған.
"Жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өткізіліп, анықталған ақаулар жойылды, жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық жүргізілді", - дейді әкімдіктергілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2436726-astanada-zhylu-beru-mausymy-qashan-bastalady/
