Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда пойыз билеттері арзандады

    жолаушылар пойызы
    Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

    1 қазаннан бастап пойыз жолаушылары билеттерді 10 пайыз арзан бағамен сатып ала алады. Жеңілдік желтоқсанның соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойызымен жол жүру құнын төмендетті. Акция 1 қазан мен 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүреді.

    "1 қазаннан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол жүру ақысы 10 пайыз төмендейді.

    Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарының барлық типтегі вагонына, сондай-ақ қала маңы пойыздарына арналған. Осылайше жолаушылар күзгі-қысқы кезеңдегі сапары үшін билеттерді арзан бағамен сатып ала алады.

    Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады", - делінген ұлттық тасымалдаушының хабарламасында.

    Қазақстанда пойыз билеттері арзандады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram