Қазақстанда LRT үшін жеке полиция басқармасы құрылады: Бектенов қаулыға қол қойды
Жарияланған күні:
Читать на русском
2027 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда LRT объектілеріндегі көліктегі полиция басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жаңа мемлекеттік мекеме Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымына кіреді.
"Мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады", - делінген құжатта.
Қаулының 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетіні атап өтілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2436616-qazaqstanda-lrt-ushin-zheke-politsiia-basqarmasy-qurylady-bektenov-qaulyga-qol-qoidy/
