Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Статистика: Қазақстанда 60 жастан асқан әйелдер көп пе, әлде ерлер ме

    Зейнеткерлер
    Зейнеткерлер. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 60 жастан асқан қанша адам тұратынын мәлім етті. Сарапшылардың дерегінше, зейнеткерлер арасында ерлерге қарағанда әйелдер көп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны – 2 923 472 адам. Бұл ел халқының – 14,2 пайызы.

    Оның ішінде ерлер – 1 163 270 адам, әйелдер – 1 760 202 адам.

    60 жастан асқан азаматтар ең көп өңірлер:

    • Алматы қаласы – 28 385 адам;
    • Түркістан облысы – 216 544 адам;
    • Қарағанды облысы – 212 487 адам;
    • Алматы облысы – 203 499 адам;
    • Астана қаласы – 171 138 адам.

    Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады.

    Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 адам бар.

    2026 жылғы II тоқсанда 60 жастан асқан жұмыспен қамтылғандар – 465 302 адам.

    2025 жылы зейнетақы алушылар саны – 2 415 095 адам.

    Статистика: Қазақстанда 60 жастан асқан әйелдер көп пе, әлде ерлер ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram