"Жұқпалы ауру белгілері байқалмайды": Бейнеуде бір түнде 126 қой қырылды
Жарияланған күні:

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында бір түнде 126 қой қырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсақ мал жиналған жаңбыр суын ішкен, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттік мәліметінше, оқиға туралы Маңғыстау облыстық ветеринариялық басқармасы Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясына 28 қыркүйекте сағат 10:00 шамасында тұрғындардан хабарлама түскен. Мамандар оқиға орнына барып, өлген малдың санын анықтаған.
"Бұл – 10 шақты отбасының малы. Қойларды бір бақташы кезекпен жайылымға шығарып отырған. Барлығы 210 қой болған, оның 126-сы бір түнде қырылып қалған. Қалған 84 қойдың жағдайы жақсы. Жұқпалы ауру белгілері байқалмайды. Қазір олар жайылымға шығарылды", - дейді Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Нұралы Сәдіғұлов.
Оқиға орнына аудандық ветеринариялық станцияның мамандары барып, өлген малдан және қойлар су ішкен жерден су сынамаларын алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2435152-zhuqpaly-auru-belgileri-baiqalmaidy-beineude-bir-tunde-126-qoi-qyrylyp-qalgan/
