Қазақстан өңірлерінде жылу беріле бастады: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қазақстанда жылу беру маусымы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жылу бес өңірде – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында берілгенін, аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде беріледі деп күтіліп отырғанын жеткізді.
Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
"Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс.
Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн. Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек", - деді үкімет басшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2435066-qazaqstan-ongirlerinde-zhylu-berile-bastady-bektenov-akimderge-tapsyrma-berdi/
