Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бір күнде үшінші рет: Қазақстанда тағы жер сілкінді

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісі. Иллюстрациялық фото: asbe/iStock/Getty Images Plus

    Алматы облысында жер сілкінді. Бұл – бүгін тіркелген үшінші жер асты дүмпуі, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында – Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.

    Жер асты дүмпулері Алматы облысында сезілді:

    • Нарынқол ауылында – 2-3 балл;
    • Кеген ауылында – 2 балл.

    ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізген. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілген.

    Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану анықталмаған, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Жағдай тұрақты.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:30 шамасында Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде жер асты дүмпулерін сезгенін жазды. ТЖМ өкілдері мән-жайды айтты.

    Кейін сағат 09:38-де ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуі Алматы қаласында сезілгені хабарланды. Желіде алматылықтардың ғимараттар мен пәтерлерден сыртқа шығып жатқан сәті түсірілген видеолар тарала бастады.

    Бір күнде үшінші рет: Қазақстанда тағы жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram